Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайдың Қазақстандағы үш сценарийі туралы айтты. Министр коронавирусқа мониторинг жүргізіліп жатқанын және ғалымдардың бүкіл жұмыс тобы болжау бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты.  Бұл – кейінгі екі аптадағы динамикадағы нақты есептеу.

«Әрине, біз екі апта сайын болжам жасаймыз, болжамдарымызды қайта қарастырамыз. Қазір бізде оптимистік сценариймен күніне шамамен 6000-6 100 жағдай болуы мүмкін деп болжап отырмыз, бұл тамыз айында шарықтау шегі, нақты сценариймен алып қарағанда тәулігіне 9 мыңға дейін және пессимистік сценариймен 11 мыңға дейін. Яғни, біз осындай болжамдарды келтіреміз, біздің төсек-орын қорының мүмкіндігі қандай болатынын қараймыз және бұл жерде тиісті шаралар қабылданады", – деді министр "Хабар 24" эфирінде.