Қазақстанда коронавируспен ауырған балалар саны артты

Қазақстанда коронавируспен ауырған балалар саны артты

Қазақстанда жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қазір 558 бала стационарда ем алып жатыр. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят ОКҚ-да өткен  брифинг барысында осындай мәлімет келтірді.  Вице-министр кейінгі  айларда коронавируспен ауырған балалар саны 4-5 есеге артқанын айтты.

«Ауыр халде төрт бала жатыр. Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қызылорда және Жамбыл облыстарында. Олардың жағдайы мұқият бақылауға алынған", – деді ол.