Батыс Қазақстанда осыған дейін сайлаушылардың 29 пайызы сайлауға келді

Батыс Қазақстанда осыған дейін сайлаушылардың 29 пайызы сайлауға келді

Жалпы өңірде сайлаушылардың 29 пайызы дауыс беріп үлгерді.

Батыс Қазақстанда жалпы 31 әкім сайланады.

Оның ішінде, Ақжайық – 3, Бәйтерек – 3, Бөкей – 2, Бөрлі – 5, Жанғала – 4, Казталов – 4, Қаратөбе – 3, Сырым – 3, Теректі ауданынан 4 әкім сайланады.

Түске дейін сайлау учаскелеріне келушілердің үлесі жағынан Ақжайық, Бәйтерек, Сырым аудандарының тұрғындары өте белсенді атсалысып жатыр. Әзірге заңбұзушылық, арыз-шағым тіркелген жоқ.