Илья Ильин Олимпиаданы дұрыс көрсете алмаған Қазақстан арналарын сынға алды

Илья Ильин Олимпиаданы дұрыс көрсете алмаған Қазақстан арналарын сынға алды

Қазақстандық телеарналар Токио Олимпиадасында ауыр атлет Зульфия Чиншанлоның өнер көрсетуін тікелей эфирде көрсетпеді. Бұл туралы белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин мәлім етіп, наразылығын білдірді. 26 шілдеде Токиода өтетін Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық Зульфия Чиншанло қатысады. Ильин атап өткендей, Олимпиада орнына Qazaqstan телеарнасының көрермендері концерт пен бейнебаян көруге мәжбүр.

"Зульфия Чиншанлоның өнерін көрмейтін шығармыз. Қазір барлық жерде чемпионат, Олимпиада ойындарын көрсетіп жатыр, бізге медаль берілуі керек, ал мұнда ән мен би көрсетіп жатыр. Бұған не дерімді білмеймін. Басқа телеарнада жүзуді көрсетіп жатыр, бірақ оған біздің спортшылар қатыспаған. Ал мұнда...", – дейді Илья Ильин.
Айта кетейік, кейінірек қазақстандық спортшының өнерін Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирден кешігіп көрсете бастады.