Ольга Рыпакова отандастарына жүрекжарды сөзін арнады

Ольга Рыпакова отандастарына жүрекжарды сөзін арнады

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Токиодағы олимпиадада сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін қазақстандықтарға жүрекжарды сөзін арнады. Бұл туралы Aikyn.kz olympickz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қымбатты достар, қолдауларыңызға, эмоциялық тұрғыда көмек бергендеріңізге көп рақмет айтқым келеді. Бүгін мен үшін ғана емес, әрқайсыңыз үшін де қиын күн болды. Әрқайсыңыз жан-тәніңізмен, жүрегіңізбен қолдағандарыңызды сездім. Өкінішке қарай, қанша тырысқанмен сіздердің бар үміттеріңізді ақтай алмадым. Ренжімеуге, қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуға шақырамын. Біз біргеміз! Алға Қазақстан!», – деді ол.