Токио Олимпиадасында жантүршігерлік апат болды

Токио Олимпиадасында жантүршігерлік апат болды

Америкалық Коннор Филдс BMX велосипед жарыстары бойынша Олимпиада ойындарының жартылай финалы кезіндегі апаттан кейін ауруханаға түсті. Үшінші жартылай финалдық жарыста жеңіске басты үміткерлердің бірі болған 28 жастағы Филдс бірінші айналымда (180 градус) құлады. Америкалық спортшы алдында келе жатқан велосипед дөңгелегіне соқтығысқан. Бұған қоса, құлап жатқан оның үстінен тежегішті басып үлгермегендер өткен. Қазір Филдс жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгені белгілі болды, – деп жазады  Sports.kz.

Коннор Филдс – BMX велоспорты бойынша АҚШ тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы. Ол Рио-2016-да алтын жеңіп алған және Токио ойындарында  басты фавориттердің бірі болды.