Ресейлік комментатор Зәкір Сафиуллин мен  Гарри Гарсайд жекпе-жегін бағалап, төрешілер шешімін "тонау" деп атады  

Ресейлік комментатор Зәкір Сафиуллин мен  Гарри Гарсайд жекпе-жегін бағалап, төрешілер шешімін "тонау" деп атады  

"Бірінші арнадағы" танымал ресейлік комментатор Александр Садоков Sports.kz порталына сұхбат беріп, Токио Олимпиадасы ойындарының 1/4 финалындағы қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин мен аустралиялық Гарри Гарсайдтың жекпе-жегі туралы пікір білдіріп, төрешілер шешімін "тонау" деп атады.

«Мен Зәкірдің қарсыласының қолын көтергеннен кейін эфирде аңтарылып түсінбей тұрып қалдым. Аустралиялық боксшы түсініксіздеу. Бокс мектебі бойынша Зәкір мүлдем басқа деңгейдегі боксшы екені белгілі болды. Иә, бәлкім, бүгін Зәкір уақытқа сәйкес көп техникалық іс-әрекет жасамаған шығар, мүмкін төрешілердің көзіне аустралиялық түскен шығар. Өйткені қазақстандықтың қарсыласы тыныштық таппады, қандай да бір оқыс қимылдар жасады. Есесіне қазақстандық боксшының соққысы дәл тиіп жатты. Бұл жекпе-жектің тағдырын шешкен үшінші раундта анық көрінді. Мынадай қызық болды. Екі раундтан кейін төрт төрешінің екеуі қазаққа, екеуі аустралиялыққа жақ болды. Мароккодан келген судьяның дауысы шешуші болды. 3:2 раундын аустралиялыққа қалай беруге болады? Бұл менің миыма қонар емес», – деді Александр Садоков.