Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуінен кейін атқаратын лауазымында жұмысын жалғастыру мүмкіндігі туралы айтты. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. – Бокстан Қазақстан құрамасының соңғы нәтижелеріне байланысты құраманың бас бапкері қызметінен өз еркіңізбен кету туралы ойыңыз бар ма? –Әрине, мұндай ойлар болуы мүмкін. Басшылар бәрін талқылап, шешім шығарады. – Демек, егер басшылық сізді қызметте қалдырса, сіз бас бапкер ретінде құрамада жұмыс істей бересіз бе? – Мұны басшылық шешеді, дәл қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын.