Қазақстан тумасы АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылды

Қазақстан тумасы АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылды

«НЕХабар» телеграм арнасының хабарлауынша, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованың кандидатурасы АҚШ Қаржы министрлігі жанындағы Валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына қаралып жатыр.  Тhe New York Times газетінде осындай ақпарат пайда болды. Валюталық бақылаушы АҚШ-тағы барлық банктердің – жергілікті және шетелдік банктердің қызметін бақылайды. Омароваға дейін бұл лауазымға тағы 2 кандидат қаралған, бірақ Демократиялық партия ішіндегі келіспеушіліктердің өршуіне байланысты  Ақ үй олардан бас тартты. Сәуле Омарова алдағы айларда немесе келесі жылдың басында қызметке тағайындалуы мүмкін. Оны бес жыл мерзімге тағайындау үшін Сенаттың мақұлдауы қажет болады. Бұрын Сәуле Омарова президент кіші Джордж Буш жанындағы Қаржы министрлігінде реттеуші саясат жөнінен арнайы кеңесші болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеген.