Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді

Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді

Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді. Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізіп жатыр, –  деп жазады Polisia.kz. Осындай кезекті шара барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастамасымен Жастар орталығы жанындағы еріктілермен бірге іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілер жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіру және алып тастау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 40 есірткі жазбасы өшірілді. Сондай-ақ, есірткі жарнамалары жарияланған аумақтар УПИ шақырылып, оларға есірткілердің жарнамасын жасау жайттарына байланысты жұмысты күшейтуді және кінәлі азаматтарды ҚР ҚК-нің 299-1-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жауапкершілікке тарту туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.