Дәрігер шұғыл түрде кардиологқа көріну керегін білдіретін жеті белгіні атады

Дәрігер шұғыл түрде кардиологқа көріну керегін білдіретін жеті белгіні атады

Санкт-Петербургтік кардиолог-терапевт Сергей Кадин дәрігерге шұғыл көрінуге себеп болатын белгілерді атады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Оның айтуынша, гипертония мен атеросклероздың дамуын бастапқы кезеңінде ғана ұзақ уақытқа тежеуге болады. Мына белгілер байқалған жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды:
  • жоғарғы қан қысымы;
  • бастың жиі ауыруы, айналуы;
  • кеуде қуысындағы ауырсыну, жайсыздық;
  • денеге салмақ түскенде әдеттен тыс шаршау немесе ентігу;
  • жүректің шалыс соғуы немесе жүрек соғысының себепсіз жиілеуі;
  • отбасында ерте (50 жасқа дейін) жүрек-қан тамырлары ауруларыбар адамның болуы;
  • 40-тан асқан жас шамасы (спорттық жаттығуларды бастамас бұрын немесе ұзақ сапарлар алдында тексерілу қажет).