Дамир Байпақов Азия чемпионатында өзбек боксшысын жеңіп, финалға шықты

Дамир Байпақов Азия чемпионатында өзбек боксшысын жеңіп, финалға шықты

Қазақстандық боксшы Дамир Байпақов Дубайдағы (БАӘ) жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек өткізді. Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж.т.) Байпақов жартылай финалда өзбек боксшысы Бахтиер Яхшибоевпен 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты және төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 4:1. Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық бірінші раундта есе жіберген, бірақ кейін екінші және үшінші раундтарда камбэк жасап, нәтижесінде жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстанның вице-чемпионы Дамир Байпақов финалда юниорлық біріншіліктің "алтынына" таласпақ.