Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті. Бұл туралы Жамбыл Инфо хабарлады.

Несіпбек Дәутайұлы – 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972-1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілші болған. «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болған. «Ақ көгершін», «Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің» атты повестердің, «Құдірет пен Қасірет» романының авторы. Таңдаулы көркем шығармаларға арналған республикалық жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жүлдегері.