Бала – ұлт болашағы!

Бала – ұлт болашағы!

«Nur Otan» партиясының Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының қалалық, аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне, 2021 жылдың тамыз айында көпбалалы, жұмыссыз аналар балаларына мектепке қажетті киім-кешек және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмектесуін сұраған.  Осы өтініштер бойынша партияның «Бақытты отбасы» жобасы негізінде, жыл сайын өтетін дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларға мәслихат депутаттары тарапынан көмек көрсетілетін болып шешілді. «Nur Otan» партиясының қызметкерлері және мәслихат депутаттары тарапынан барлығы 200-дей отбасы балаларына мектеп формалары мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тапсырылды. Көпбалалы аналар алғыс білдірді.