Қазақстанда қосымша қанша өрт сөндіру депосы салынып жатыр?

Қазақстанда қосымша қанша өрт сөндіру депосы салынып жатыр?

Бір жылда құтқарушылар 22 387 адамды апаттан арашалап қалған. Төтенше жағдай болған аумақтан 29 066 адам эвакуацияланды, 6 644 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылар 129 102 шақырту алған.

Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 416 өрт сөндіру бөлімшесі, 57 құтқару станциясы мен 3 әскери бөлім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта өңірлерде қосымша 15 өрт сөндіру депосы салынып жатыр. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 1 құтқару станциясының құрылысы аяқталды.

Бұған дейін Риддер мен Ұлытаудағы өрт туралы жазған болатынбыз.