Ұлытауда 23 жастағы жігіттің өртенген денесі табылды
Ұлытауда 23 жастағы жігіттің өртенген денесі табылды
155
оқылды

Полицияның мәліметінше, ер адамның мәйітіне арнайы сараптама жасалады.

Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерді тексеру кезінде жанып кеткен УАЗ автокөлігінің ішінен 1998 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ол өртті сөндіріп жатқан еріктілердің қатарында болмаған. Өлімнің себебін Ұлытау аудандық полиция бөлімі анықтайды.

«4 шілдеде Қарағанды ​​облысында дала өртінің 12 ошағы анықталды. Оның ішінде Ұлытау ауданы аумағында екі дала өрті тіркелді», – деді өрт сөндірушілер.

Жангелдин ауылдық округінде өртеніп кеткен 200 бас ұсақ мал және 10 бас ірі қара табылды. Өртті сөндіруге 298 адам мен 77 техника, оның ішінде ерікті өрт сөндіру жасағы жұмылдырылды.

Бұған дейін өрттен келген шығынды анықтайтын комиссия құрылғанын жазған болатынбыз.