Қазақстандық ауыр атлеттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстандық ауыр атлеттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының Полиция департаменті қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.  

"Қайғылы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", — делінген хабарламада.
Бұған дейін 25 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің неден қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.