«Көлеңкелі» экономика көлемі азайған

«Көлеңкелі» экономика көлемі азайған

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы Ақор­даның баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке агенттіктің «кө­леңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұ­мыстарының қорытындылары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 8 айда 1 508 экономика­лық құқықбұзушылық анықтал­ғаны, оның 803-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жата­тыны жөнінде баяндалды. 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Алкоголь өнімдерін шығаратын 26 жасырын цех пен 224 заңсыз ойынхана жабылған. Агенттік төрағасының ай­туын­ша, соңғы 4 жылда «көлең­келі» экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген. Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша Үкімет Кө­леңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға ар­нал­ған кешенді жоспарын бекітті. Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қам­тамасыз етуге тиіс тұрақ­тан­дыру қор­ларын құру үшін бө­лінген бюджет қаражатын жым­қырудың 5 дерегі анық­талған. Тараз қала­сында жылу, Қы­зылорда қала­сында газ тасы­малы тарифтерінің негізсіз кө­терілуіне жол беріл­меді. Бала­ларға арналған маман­данды­рыл­ған және медици­на­лық-әлеу­меттік мекемелердің лауа­зым­ды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бас­талды. Олар 376 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Кездесу қорытындысы бо­йын­ша Мемлекет басшысы бір­қатар нақты тапсырма берді.