Әйгілі боксшы Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

Әйгілі боксшы Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты

Аты аңызға айналған 46 жастағы аргентиналық орта салмақтағы боксшы Серхио Мартинес ұлыбританиялық Брайан Роузды жеңіп, енді Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Жекпе-жек Мадридте (Испания) өткен. Он раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті (97-94, 96-94 және 96-94) Мартинеске берді, – деп жазады Vesti.kz. Кездесу қарсаңында Мартинес RingTV-ге сұхбат беріп, орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.

"Қазір мен тек мансабыма және титул үшін қайта күресу мүмкіндігін іздеуге көңіл бөліп жүрмін. Геннадий Головкин, Риота Мурата, кіші Крис Юбенка немесе басқа біреуге қарсы болсын, титулдық жекпе-жегімді іздеуде бәрін тастауға дайынмын. Маған көрме жекпе-жектің керегі жоқ. Мен нағыз белбеу жеңгім келеді", – деді ол.