Ұстаз мерейін өсірген Жолдау

Ұстаз мерейін өсірген Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын жариялап, Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі басымдықтар: пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуы мәселелерін қозғады. Президентіміздің маңызды және нақты тапсырмалары ең алдымен халықтың әл-ауқатының деңгейін ғана емес, педагог мәртебесін арттыруға да бағытталған. Жолдауда көтерген мәселелердің ішінде білім саласын, оның ішінде ұстаздарға деген қолдауын ерекше атап өткім келеді. Пандемия жағдайында білім беру жүйесінің алдына маңызды міндеттер қойылды. Білім беру саласында Мемлекет басшысы қашықтан оқыту қолжетімді және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету үшін телекоммуникациялық желілерді дамыту қажетін атап өтті. Осы мәселеге байланысты Үкіметке қашықтан оқыту нысаны үшін ақпараттық жүйелердің сапасын жақсарту тапсырылып, «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасын енгізуі тұрмысы төмен отбасыларда өсіп жатқан балаларға қосымша қолдау екенін айтты. Президент мұғалімдерді қолдау және ынталандыру үшін оларды мемлекеттік бюджет есебінен бес жылда емес, үш жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу керегін тапсырды. Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін оқушылар үшін орын тапшылығын азайту мақсатында мектеп құрылысының көлемін 800-ден 1 000-ға дейін арттыру тапсырылды. Бұл аталған бастамалар халықтың сауаттылық деңгейін көтеретініне сенімдімін. Білім жүйесі дегініміз –өткен ұрпақтың келер ұрпаққа деген мұрасы. Сол мұраны жеткізетін ерекше әлеуметтік байланыстар. Сондықтан біз ұстаздың мәртебесін қоғамда нақтыламай, білім жүйесінде үлкен жетістіктерге жету қиын. Мемлекет басшысының ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыратыны педагог қауымын жігерлендіреді. Қазір жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жоғары және орта білім саласы алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Сондықтан қазақстандықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын негізге ала отырып, жаңа үмітке, белестерге жаңа жоспар құра бастайды. Осы Жолдауда аталған маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Зульфира РАССУЛОВА,

Алматы облысы Панфилов ауданы

Пенжім ауылы

А.Розыбакиев атындағы

орта мектеп коммуналдық мемлекттік мекемесінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі