Президент Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындады

Президент Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына; Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды» делінген Жарлықта.