Левит 2016 жылғы Олимпиадада сыбайлас жемқорлық құрбаны болуы мүмкін

Левит 2016 жылғы Олимпиадада сыбайлас жемқорлық құрбаны болуы мүмкін

Ричард Макларен бастаған тәуелсіз комиссияның тергеуі Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендігін анықтады. Бұл туралы Boxingscene.com ақпараттық порталы хабарлады. Профессор Ричард Макларен соңғы үш айда Олимпиададағы төрешілер шешімдерін зерттеп, 149 беттен тұратын баяндама жариялаған. Басылым мәліметінше, тексерілген жекпе-жектер арасында қазақстандық Василий Левиттің 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Евгений Тищенкомен кездесуі де бар.

"Жекпе-жектер ақша үшін, AIBA-ның пайдасы үшін немесе ұлттық федерациялар мен олардың олимпиадалық комитеттеріне, жарыс ұйымдастырушыларына қаржылық және саяси қолдауы үшін өзгертілді. Бүгінде жүргізілген тергеу мұндай манипуляцияларда алты таңбалы сома қолданылған деген қорытындыға келді. Тергеу кезінде табылған дәлелдер нақты", - делінген хабарламада.
Күмәнді жекпе-жек саналғандардың ішінде Тищенконың итальялық Клемент Руссоны жеңген кездесуі де бар.