Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды.  Алғашқы жарыс күнінде бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. 125 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының мүшесі Олег Болтин жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Ол жартылай финалдық жолдаманы украиналық Олександр Колдовскимен сарапқа салды. Финалдық бәсеке үшін отандасымыз грузиялық Гено Петриашвилимен кездеседі. 86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков жарысты сәтті бастағанымен, екінші айналымда Олимпиада чемпионы Хассан Язданиден ұтылды. Ал Адлан Асқаров (61 келі) Нұрқожа Қайпанов (74 келі) қарсыластарына алғашқы айналымда жол берді.