Қостанайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды

Қостанайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды

«Біздің Қостанайдың» жазуынша, Базыл Шамұқанұлы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

Ол 2019 жылдың қыркүйегінде «ӘКК Тобол» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бірақ 2020 жылдың наурызында денсаулығына байланысты корпорациядан жұмыстан кетті. Базыл Жақыпов 1965 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Жақсы ауданы Терсақан ауылында дүниеге келген. 2012 жылдың ақпанында Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану, жергілікті төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша міндеттерге жауапты болды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қостанай қаласының әкімі қызметін атқарды.