«Алтай» клубтар арасындағы Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті

«Алтай» клубтар арасындағы Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті

Таиландтың Накхонратчасима қаласында әйелдер арасындағы волейболдан клубтық Азия чемпионатында қазақстандық «Алтай» клубы чемпион атанды. Финалдық кезеңде қазақстандық Алтай волейбол клубы ақтық сында жарыс қожайындары Накхонратчасима волейбол клубын 3-0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Бұл турнирде «Алтайдан» бөлек «Жетісу» да бақ сынады. Талдықорғандық команда турнирде 5-орын алды.