«Әлем чемпионаты»: Нұрсұлтан Тұрсынов украиналық қарсыласын жеңді

«Әлем чемпионаты»: Нұрсұлтан Тұрсынов украиналық қарсыласын жеңді

Норвегияның Осло қаласында күрестен әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін грек-рим күресінің шеберлері 63, 67 және 87 келі салмақта сынға түседі, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов әлемдік доданы сәтті бастады. 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын ол іріктеу кезеңінде украиналық Юрий Шкрюбаны 10:0 есебімен ұтты. Турнирдің 1/8 айналымында Тұрсынов венгриялық Иштван Такашпен белдеседі. Сонымен қатар бүгін бозкілемге Сұлтан Әсетұлы (63 келі) мен Алмат Кебіспаев (67 келі) шығады.