Алтын медаль алғанда қатты қуандым – Рахат Бекболат

Алтын медаль алғанда қатты қуандым – Рахат Бекболат

Ауыр атлетикадан Жидда қаласында (Сауд Арабиясы) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті, – деп жазады Olympic.kz.

Жеңімпаз Рахат Бекболат мақсатына жеткенін айтты. «Жеңіске жеткеніме қатты қуандым. Барлығы қас-қағым сәтте өте шықты. Қолдау білдіргендеріңізге рақмет! Жарыс жоғары деңгейде өтті. Санитарлық талаптарды сақтадық. Біз ұзақ уақыт бойы карантинде болғандықтан, жарысты сағыныппыз. Өйткені спортта залдағы атмосфераның өзі көп қуат береді. Оның үстіне, әлемнің әр түкпірінен келген достарымызбен қауышып, мәз болдық. Осы чемпионатта мен серпе көтеруден 200 келіні еңсергім келді. 195 немесе 197 келі аса маңызды болған жоқ. Мақсатыма жеткенім үшін қуанышым шексіз», – дейді Рахат Бекболат.

Бұған дейін Рахат Бекболат алтын медальге ие болғанын жазған болатынбыз.