Қызылорда облысында енесін ұрған келін елді шошытты
Қызылорда облысында енесін ұрған келін елді шошытты
Фото: www.ekhokavkaza.com
325
оқылды
Қызылорда облысында келінінен қорлық көрген ене заң аясында бір айға қорғауға алынды. Қазір 70 жастағы қарияға, сонымен бірге оның отбасына қатысты құқық қорғау органдарының өкілдері тиісті шараларды қолға алды, – деп жазады Express Qazaqstan. Кейуананың келінінен зорлық көруі естіген елді шошытып отыр. Аталған жайт Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған. Қырықтан асқан келіннің жетпістегі енесін ұрып-соғатыны анықталып отыр. Шиелі аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жергілікті тұрғындардың бірінен қоңырау түскен. Тексере келгенде енесі өзіне келінінің көптен бері қол көтеретінін айтқан.
"Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары тексеру жүргізді. Нәтижесінде енесінің келінінен таяқ жегені анықталды", – дейді аудандық полиция бөлімі.
Қазір зәбір көрген ене полиция бақылауында. Оған қатысты әзірге тек профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.