Менеджер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі басты қиындығын атады
Менеджер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі басты қиындығын атады
Фото: nur.kz
226
оқылды
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (14-0) промоушендегі үшінші айқасын 2022 жылдың ақпанында өткізуі мүмкін. Бұл туралы The AllStar YouTube арнасына берген сұхбатында спортшының менеджері Саят Әбдірахманов айтып берді, – деп хабарлайды Vesti.kz. "Рахмонов өте талантты екені анық. Жыртқыштың инстинкті бар және әмбебап – күресе де алады, тік тұрып та жұдырықтасады. Өз салмағындағы ең бойшаңдардың бірі. Ол топ-15 рейтингке кіруге дайын. Жарнамаланып жүрген өзге файтерлерге қарағанда, алғашқы айқастарында мықтырақ қарсыластарды жеңген. Қиындықтың бірі – ағылшын білмеуі. Өзге қиындық, ол әлі де UFC-ге үйренісуде. Дегенмен, оны асықтырғым келмейді, бір-екі жекпе-жектен кейін өзін судағы балықтай сезіне бастайды. Оның болашағы зор. Оған ақпанға жекпе-жекке шығу ұсынылды. Біз қарсыластың жауабын күтіп отырмыз. Ол келісе салысымен, келісімшарт жасаймыз да, жекпе-жек туралы құлақтандырамыз. Әзірге бұл қарсылас та промоушендегі жолын екі жеңістен бастағанын ғана айта аламын", – дейді менеджер.