Қазақстан қыздар құрамасы ірі есеппен жеңілді

Қазақстан қыздар құрамасы ірі есеппен жеңілді

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен ойында қонақтар ірі есеппен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 0:5.

Бұл Калоян Петков жаттықтыратын құраманың кезекті іріктеу кезеңіндегі төртінші жеңілісі. Бұрымды футбошыларымыз алдымен сырт алаңда Уэльстен 6:0 есебімен ойсырай жеңілді. Екінші және үшінші ойында Грекияға қонақта 3:2 есебімен, ал өз алаңында 0:1 есебімен есе жіберді.  

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы төрт кездесудің бәрінде жеңіліп, I тобында бесінші орында тұр. Қарсыластар қақпасына 2 гол соғып, өз қақпасына 15 гол өткізіп алды.