Бапкердің тапсырмасын толық орындадым – Нұрқанат Райыс

Бапкердің тапсырмасын толық орындадым – Нұрқанат Райыс

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс бірінші айналымдағы жеңісінен соң әсерімен бөлісті.

«Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуімді ойдағыдай өткіздім. Бәрі жоспар бойынша өтті, бапкердің нұсқауын толық орындадым. Енді жақсы нәтиже көрсету үшін келесі жекпе-жекке дайындаламыз.  Бұл – мен қатысып отырған алғашқы әлем біріншілігі. Психологиялық тұрғыдан да бәрі жақсы», – деді Нұрқанат  Olympic.kz-ке берген сұхбатында. 
75 келіде өнер көрсеткен Нұрқанат  Райыс 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичпен шеберлік байқасып, қарсыласынан мықты екенін көрсеткен еді. Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы – молдовалық Влад Гаврилюк.