Бек Нұрмағамбет алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды

Бек Нұрмағамбет алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолынан шығып қалды

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілдері алғашқы жеңіліске ұшырады, – деп хабарлайды Olympic.kz.  86 келіде сынға түскен Бек Нұрмағамбет бірінші кездесуінде бразилиялық Кено Мачадомен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен Бразилия боксшысының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Мачадоға берді. Осылайша, Бек әлем чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Айта кетелік, Бек Нұрмағамбет 81 келі салмақта 2019 жылғы Азия чемпионы.