«Шахтер» мен «Қайрат» жартылай финалда

«Шахтер» мен «Қайрат» жартылай финалда

Кездесудің 26-минутында кеншілер сапынан Атанаскоски есеп ашып,  командасын алға шығарды. Ал 39-минутта Рустемовичтен допты тартып алған Әлішер Сүлей алыстан соққы бағыттап, таразы басын теңестірді. 59-минутта Мартин Тошев айып добынан көтерілген допты өз пайдасына жаратты. Ойын аяқталар тұста Айдос Тәттібаев есепті еселей түсті.

Еске сала кетейік, екі команда арасындағы бірінші кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Жартылай финалда «кеншілер» қостанайлық «Тобыл» командасымен кім мықтыны анықтайды. Қазақстан кубогінің ширек финалында кезекті ойын Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтті. Жергілікті «Қайсар» командасы мен алматылық «Қайрат» жартылай финалға жолдаманы сарапқа салды. Қарымта ойында алматылық команданда екі доп айырмасымен жеңіске жетті. Кездесудің 76-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав есеп ашты. Ал ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Артур Шушеначев жеңіс голын соқты.

Еске сала кетейік, қос команда арасындағы алғашқы матчта 3:0 есебімен Құрбан Бердыев футболшылары қарсыласынан басым түскен. Келесі кезеңде алматылық клуб «Астанамен» ойнайды.