Ауыл жастарының арманы орындалды

Ауыл жастарының арманы орындалды

Бесағаш ауылының жастары «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаевтың қабылдауына қатысып, ауылдарына футбол алаңын салып беру туралы өтініш білдірген болатын. «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев Бесағаш ауылы жастарының ұсынысын хаттамаға енгізіп, осы жылы орындауға уәде берген еді. 2021 жылдың  11 қазаны күні уәде етілгендей, ауыл жастарының талап-тілегі бойынша ені – 22 метр, ұзындығы – 44 метр, құны 11 млн теңге болатын кіші футбол алаңының ашылу салтанаты өтіп, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Ауыл жастары партияның аудандық филиалына және аудан әкімі С.Арубаевқа алғысын білдірді.