Әлем чемпионаты: Нұрлан Сапарбай қарсыласына жол берді

Әлем чемпионаты: Нұрлан Сапарбай қарсыласына жол берді

Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Нұрлан Сапарбай Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші кездесуінде қарсыласына жол берді. 1/16 финалда отандасымыз испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен кездесті. Айта кетейік, бұл әлем чемпионатында Сапарбай Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына барды. Ол қазір Мәскеу қаласында кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындалып жатыр. Еске салайық, кеше әлем чемпионатынан Бек Нұрмағанбет те шығып қалған еді. Осылайша Белградтағы біріншілігін 11 боксшымыз жалғастырады.