Абылайхан айқын басымдықпен жеңді

Абылайхан айқын басымдықпен жеңді

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов келесі кезеңге жолдама алды. 67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан қарсыласына мықтылығын мойындатты. Ол үш раундта да Паласиодан басым түсті. Айта кетейік, Белградтағы әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Қазақстан құрамасы сапында Бек Нұрмағанбет пен Нұрлан Сапарбай жарысты аяқтады. Олар алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.