"Машинаны" жеңген Қазақстан боксшысының келесі қарсыласы анықталды

"Машинаны" жеңген Қазақстан боксшысының келесі қарсыласы анықталды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіповтың Белградта  өтіп жатқан (Сербия) әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы анықталды. 1/8 финалда  67 келідегі қазақстандық боксшы Польша өкілі Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 1 қарашада өтеді. Айта кетейік, Жүсіпов бұл турнирде екі рет жеңіске жетті. Тайбэйлік Лин Ю мен венесуэлалық Кристиан Паласионы жеңді.