«Бойы ұзын болғандықтан, ойна деді»: Махмұд Сабырхан қарсыласын қалай жеңді?

«Бойы ұзын болғандықтан, ойна деді»: Махмұд Сабырхан қарсыласын қалай жеңді?

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Махмұд Сабырхан Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

«Бойы ұзын болғандықтан, ойна деп айтты. Өзімнің көңілімнен шықты. Ағайлардың айтқанын істеп шықтым. …Келесі қарсыласымның да кілтін табуға тырысамыз», – деді боксшы vestikzsport-қа берген сұхбатында.
Турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Оңтүстік Кореядан келген Ин Гю Киммен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді. Сабырханның келесі қарсыласы  шотландиялық Мэттью Макхейл болмақ. Бұл жекпе-жек 31 қазанда өтеді.