Айбек Оралбай әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Айбек Оралбай әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық Айбек Оралбай жеңіспен бастады. 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек 1/16 польшалық Матеуш Березницкимен жекпе-жек өткізді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді. Енді боксшымыз келесі айналымда өзбек боксшысы Мадияр Сайдрахмонов пен беларусь Владислав Смягликов арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. Бүгін Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Саматәлі Төлтаев (60 келі) пен Асланбек Шымбергенов (71 келі) де жұдырықтасады.