Тұрсынбай Құлахмет алғаш рет жеңіліс тапты

Тұрсынбай Құлахмет алғаш рет жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет WBC international нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғай алмады. Жерлесіміз Лондон төрінде доминикалық Хуан Карлос Абреуге (24-6-1, 22 КО) нокаутпен есе жіберді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Алайда тартысты айқас жетінші раундта аяқталды. Абреу біздің отандасымызды алдымен нокдаунға жіберді. Артынша нокаутқа түсірді. https://www.youtube.com/watch?v=PxB9i6RKj0c&feature=emb_title