Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев жеңіске жетті

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев жеңіске жетті

Қазақстандық Санатәлі Төлтаев бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Қазақстандық боксшы 63,5 келі салмақта сынға түсті. Ол 1/16 финалда молдовалық Василий Чеботарьды жеңді. Төрешілер бірауыздан Санатәлінің жеңгенін жариялады. Енді келесі кезеңде 21 жастағы боксшы украиналық Денис Песоцкиймен жұдырықтасады. Бұл кездесу 1 қарашада өтеді.