Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатының алтын медаліне үміткер боксшыны атады

Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатының алтын медаліне үміткер боксшыны атады

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Sports.kz басылымына Қазақстан құрамасы боксшыларының қайсысы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медаліне үміткер бола алатын боксшы туралы пікірін айтты.

«Асланбек Шымбергенов, оны ерекше атап өтемін. Оның әлем чемпионы болу үшін барлық мүмкіндігі бар. Тәжірибелі, бокста жүргеніне біраз болды. Олимпиада ойындарында алмаған еді, оған лайық екенін дәлелдеді», – деді 2008 жылғы Олимпиада чемпионы.
Естеріңізге сала кетейік, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Шымбергенов турнирде үш жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті (екеуі мерзімінен бұрын). Оның ішінде 2017 жылғы әлем чемпионы және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, өзбекстандық Шахрам Гиясовпен өткен кездесуі  бар.