Қазақстандық клуб «Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысына көз тікті

Қазақстандық клуб «Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысына көз тікті

Ағылшындық «Тоттенхэм» командасының бұрынғы футболшысы Роман Павлюченко «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін клубтан шақырту алғанын айтты. Ресейлік танымал футболшыға бапкерлік қызмет ұсынылған. Роман нақты қай клуб екенін айтуды жөн санамады. – Иә, қазақстандық клубтың бірінен шақырту алдым. Атын айтпай-ақ қояйын. Әзірге нақты шешім қабылдаған жоқпын. Қай командаға барғанымды да уақыты келгенде көре жатарсыздар, – деді Павлюченко. Айта кетейік, Павлюченко 2020 жылдан бері «Знамя» командасында өнер көрсетеді. Бұған дейін 39 жастағы футболшы бапкерлік қызметпен айналыспаған.