«Қазақ жеңіске лайық»: шетелдік сарапшы Шымбергенов-Захареев жекпе-жегі туралы пікір білдірді

«Қазақ жеңіске лайық»: шетелдік сарапшы Шымбергенов-Захареев жекпе-жегі туралы пікір білдірді

The Fight Site сайтының бокс шолушысы Тейлор О'Хиггинс Белградта өткен 2021 жылғы әлем чемпионатында  қазақстандық Асланбек Шымбергенов пен Украина өкілі Юрий Захареев арасындағы ширек финалдық жекпе-жектің нәтижесі туралы пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды  Sports.kz. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектің қорытындысы 19 жастағы украиналық боксшының пайдасына шешілді — 3:2.

"Менің ойымша, қазақ бірінші және екінші раундты алды,  бірақ судьялар Захареевты таңдады. Қандай болса да, керемет жекпе-жек", – деп жазды О'Хиггинс.