Алматының миллионыншы тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Алматының миллионыншы тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Алматыда миллионыншы тұрғын вакцина салдырды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің twitter парақшасында жазды.

Ол миллионыншы болып COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаған алматылық Самал Оқапованың бұл әрекеті өзгелерге үлгі деп атап өтті.
«Медициналық ақпарат жүйесінің мәліметінше, Самал Оқапова – Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан, ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина салдырды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық», – деп жазды қала басшысы өз парақшасында.
Нұрболат АДЫРБЕК Алматы қаласы