Жамбылдықтар Түркістанға көш түзеді

Жамбылдықтар Түркістанға көш түзеді

Биыл 12-13 қараша күндері Жамбыл облысының Түркістан облысындағы мәдени күндері өтеді.

Осыған орай,  «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты керуен жолға шықты.   Бұдан бөлек, облысымыздың мәдени күндері аясында өңірлік  кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» атты кітап экспозициясы,  Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» тақырыбындағы жылжымалы көрмесі және  К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздары мен облыстан шыққан эстрада жұлдыздарының гала-концерті түркістандықтарға ұсынылатын болады.     Ал А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Жамбылдың қызыл жолбарысы» қойылымын сахналайды.  

Міне, осылайша көрші екі өңір арасында мәдени һәм рухани байланыс беки түсуде.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы