Сарапшы жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлының әлсіз жақтары туралы айтты

Сарапшы жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлының әлсіз жақтары туралы айтты

Украиндық "Боксерская правда" YouТube-арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) әлсіз жақтарын атап өтті, – деп хабарлайды Sports.kz. – Әлімханұлы өте жылдам емес. Меніңше, оған жылдамдық жетіспейді. Кейбір жекпе-жектерде ол денесін алға қарай еңкейтеді. Жылдамдығы феноменальды болмағандықтан  үлгере алмай, соққыларды өткізіп жібереді. Ал жалпы, ол тамаша боксшы, – деп ойын түйіндеді арна авторы. Еске сала кетейік, жексенбі күні таңертең Жәнібек Әлімханұлы француз Хассан Н 'Дам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жек өткізеді.