Қамшыбек Қоңқабаев WBA титулын жеңіп алды

Қамшыбек Қоңқабаев WBA титулын жеңіп алды

Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британдық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасты, – деп хабарлайды  Sports.kz сайты. Ауыр салмақтағы кездесуде WBA титулы сарапқа салынған болатын. Жекпе-жек 12 раундқа есептелгенімен, жетінші раундта төреші Уордқа техникалық нокаут беріп, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне (төртінші – нокаутпен) қол жеткізіп, WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды. Стивен Уорд проф рингте екінші рет жеңіліске ұшырады.