Қажымұқанның мерейтойына орай жаңа монета айналымға шығады

Қажымұқанның мерейтойына орай жаңа монета айналымға шығады

Ұлттық банк балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.

Монетаның сатылымға шығатын күнін Ұлттық банк ресми сайтында қосымша жариялайды.

QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталары туралы

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шығады. Биыл балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толды. Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Елтаңба бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған.   [caption id="attachment_176336" align="aligncenter" > Фото: nationalbank.kz[/caption] Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар. Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 150 JYL деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021», сол жағына қарай монетаны айналдыра QAJYMUQAN MUŃAITPASULY деген жазу орналасқан. Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 15 000 дана болып дайындалды. Монетамен төлем жасауға, аударым жасауға, айырбастауға, ұсақтауға болады. Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Бұған дейін «Балуан тас» кітабы жарық көргенін хабарлаған болатынбыз.