Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін айқасқа түседі

Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін айқасқа түседі

Adal Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, – деп хабарлайды Sports.kz. Нұрсұлтанов 15 қаңтарда Ақтауда рингке оралып, ресейлік боксшы Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) кездеседі. Олар орта салмақтағы WBO International бос титулына таласады. Жекпе-жек он раундқа есептелген. Мейірім Нұрсұлтанов қараша айында соңғы жекпе-жегін өткізді. Ол Беларусь төрешілерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) жеңген болатын. Сонымен қатар, қазақстандықтың WBC (USNBC) белбеуіне ие екендігін айта кеткен жөн. Андрей Сироткинге келсек, кезекті айқасын сәуір айында өткізді, оның WBO Еуропа чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен (13-0-1, 7 КО) жекпе-жегі тең аяқталды.